«Заң мен тәртіп» бағдарламасы аясында мектебімізде балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Жас жол инспекторлары жасағы полиция қызметкерлерімен бірлесіп, оқушылардың жолда қауіпсіз жүріп-тұру мәдениетін қалыптастыруға бағытталған профилактикалық іс-шара ұйымдастырды.
с-шара барысында оқушыларға жол қозғалысы ережелерін сақтау, жарық шағылыстырғыш элементтерді пайдалану, жолды дұрыс кесіп өту және жол бойында қауіпсіздік талаптарын сақтау маңыздылығы түсіндірілді.
Жол қауіпсіздігі – әр адамның жауапкершілігі!